Таксисттердің салық төлеуі үшін арнайы қосымша пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таксисттердің салық төлеуі үшін арнайы қосымша пайда болады

27.04.2023

Таксистер мен курьерлердің қалай салық төлейтіні белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитеті ол үшін арнайы ұялы қосымша шығарады. Онда кәсіпкер ретінде тіркелсе, салық төлеу ісі толықтай автоматтандырылады. Яғни жүргізушілер мен тауар жеткізушілер ешқайда бармайды. Такси немесе курьерлік компания табысын төлегенде салық пен өзге төлемдер бірден алынып отырады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі такси мен курьерлер шілдеден бастап салық төлейтінін хабарлаған еді. Бұл әзірге пилотты жоба ретінде іске аспақ.


Хабарламаларға жазылу