Әзербайжанның Лачин өткізу пунктіне ту тігілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжанның Лачин өткізу пунктіне ту тігілді

27.04.2023

Әзербайжан Лачин дәлізіне өткізу пунктін орнатып, мемлекеттік туын тікті. Лачин Таулы Қарабақты Армениямен байланыстыратын жалғыз жол. Негізі Таулы Қарабақ Әзербайжанның территориясы ретінде мойындалған. Ал ондағы 120 мыңдай тұрғынның көпшілігі этникалық армяндар. Бакудің осы дәлізге бекет орнатқаны үшін Ереван Халықаралық әділет сотына шағымданды. Алайда Әзербайжан үкіметі армяндар бұл жолмен Қарабаққа қару жеткізеді, сондықтан бақылауды күшейту қажет деп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу