Чемпиондық атақ кімге бұйырады? Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың 13-нші партиясы аяқталды. Символикалық жүрісті елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жасады. Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий ақ, қытайлық шахматшы Дин Лижэнь қара таспен ойнады. Партия 39 жүрістен соң тең аяқталды. Есеп 6,5-6,5. Сенбі күнгі соңғы партияда да осындай есеп тіркелсе, 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді.
Асылбек Данияр