АҚШ-та бірнеше қаланы су басты. Әсіресе, Висконсин штатында жағдай қиын. Көшелер мен саябақтар көлге айналған. Ал Айова штатының Дубьюк қаласында топан су тұрғын үйлерге қауіп төнген. Болжамдарға қарағанда, Миссисипи өзенінің деңгейі алдағы уақытта тіпті көтеріледі. Себебі өткен қыста Құрама Штаттардың батысында қар борап, жиі-жиі боран соққан еді.
Арыстан Рысбек