Ақмола облысында синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды. Тәртіп сақшылары зиянды заттарды өндірумен айналысқан Астрахан ауданының тұрғынын ұстады. Тінту барысында 38 граммнан астам психотроптық заттар, есірткі дайындауға қажет шикізаттар мен зертханалық құралдар анықталды. Мәлім болғандай, күдікті былтыр қараша айында әлеуметтік желі арқылы бейтаныс біреумен танысып, есірткі жасау туралы ұсынысына келіскен. Қазір тергеу амалдары басталды.
Ұмсындық Наурызбаева