Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты. Комиссия төрт мәселені қарады. Оның ішінде Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, Бюджет кодексі мен Мемлекеттік сатып алу туралы заңның жобасы бар. Жаңа өзгерістер ұлттық заңнаманы жетілдіруге, талаптарды оңтайландыруға бағытталған.
Серік Селеубай