Жаңаөзенге тексеріспен барған арнайы комиссия «Өзенмұнайгаз» компаниясында жұмыс орнына келмей, еңбекақы алатын қызметкерлер барын анықтады. Сондай-ақ, компания штатына кезектен тыс немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамды жұмысқа қабылдау фактілері тіркелді. Мұны «Қазмұнайгаз» қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия төрағасы Дәулетжан Хасанов айтты. «Өзенмұнайгаз» бас директоры былтыр болған осы олқылықтарды жоққа шығармайды. Бірақ жұмыссыздар тізімін электронды форматқа ауыстырғалы кезектен тыс жұмысқа орналасу тыйылды дейді.
Нұрдәулет Қилыбай, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры:
Былтыр 40-тан астам адам кезектен тыс алынды деген ақпарат бар. Ол табылды. Құқық қорғау органдары материалдарды жіберді. Қазір айналысып жатыр. Дәл қазір сол жүйе бұзылып тұр деп айта алмаймын. Себебі барлығы онлайнға ауыстырылды. Мысалы, сіз кезекте тұрсаңыз, өзіңіз қай жерде тұрсыз, сіздің алдыңызда қанша адам тұр, фамилиясына дейін көріп отырасыз.
Данияр Қайыртай