Жемқорлардан өндірілген қаржы 121 миллиард теңгеден асты. Бұл ақшаға енді 72 мектеп салу көзделген. Осыған орай бүгін сот арқылы өндірілген миллиардтарды мектептердің құрылысына бөлу механизмі бекітілді. Оған сай енді пара беріп, алып немесе бюджет ақшасын ұрлағандардан өндірілген қаржы бірден білім ордаларының құрылысына берілмек. Осы арқылы үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу көзделген.
Досжан Маратұлы