Өткен апта арзандаған мұнай қайта қымбаттай бастады. Бүгін баға бірден екі пайыздай көтеріліп, қазір Brent маркалы қара алтын 79 доллардан сатылып жатыр. Ал WTI 75 доллар. Бағаның қымбаттауына АҚШ-та жанармай және мұнай қорының азайғандығы жайлы ақпараттар әсер етті дейді сарапшылар. Яғни трейдерлер сұраныстың артатынын күтіп отыр. Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл нығайды. Қазір Америка ақшасы 453 теңге, еуро 498, ал рубль 5 теңге 50 тиын.
Досжан Маратұлы