Қазақ телевизиясының 65 жылдығы аясында елордада жазушы, журналист, теледраматург Сұлтан Оразалин мұраларын Ұлттық архив қорына тапсыру рәсімі өтті. Сонымен бірге автордың көптомдық жинағының тұсаукесері болды. Жеті томдық жинақ Сұлтан Оразалинның өмірінің соңғы жылдарында жазған еңбегі. Онда таңдамалы шығармалары да енген. Сондай-ақ жазушының мұрагері Ұлттық архивке биыл наурызда әкесінің жеке құжаттарын, естелік фотоларын тапсырған. Оған ғылыми-техникалық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде 80 жылды қамтитын тұрақты сақталатын құжаттардың №1 тізімдемесі жасалған.
Сағила Нұрланова, ҚР Ұлттық архивінің директоры:
Сұлтан Шәріпұлы ағамыздың Оразалы ағамыздың артында қалған ұрпағы құнды қолжазбаларын, құнды еңбектерін шашау шығармай, осы біздің Ұлттық архивке тапсырды. Енді біз оны мемлекеттік сақтауға қабылдап алдық. Мыңжылдықтар қойнауына сақтап, болашаққа келер заманға жеткізуге біз барымызды саламыз.
Асылбек Данияр