Бас прокуратура «Өзенмұнайгаз» тендерлерінің заңдылығын тексеріп жатыр. Қазір құзырлы орган қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы Маңғыстауға келді. Олар мұнайшылардың талап-тілегі бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылықтың болуы мен өзге де сыбайлас жемқорлықтың болу ықтималдығы бойынша талдау жүргізеді.