Жамбылда «Дорожник» саяжайын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда «Дорожник» саяжайын су басты

02.05.2023

Жамбылда «Дорожник» саяжайын су басып, 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқыс оқиға Жамбыл ауданындағы Исмаил каналының жарылып кетуінен болған.

Салдарынан сарқыраған су Горный көшесіндегі 7 үйдің ауласына, 1 үйдің жертөлесіне кірген. Ауыл сыртындағы автомобиль жолы бүлінген. Бүгінде су арнасы жабылып, аулаларды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Апат - жарты ғасырлық тарихы бар канал жартасының жарылуынан болған. Ал арнаның шайылған жағасының ені 15, биіктігі 18 метрді құрайды. Оқиға орын алған кезде каналда 1,2 текше метр су болған. Мамандар бұл апатқа алып келетін көлемдегі қауіпті су емес дейді. Елдімекендегі 250 түтін дін аман. Орын алған осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар шығындарды есептеу жұмыстарын жүргізуде. Келтірілген зардаптарды өтеуді әкімдік өз мойнына алмақ.

Қанатбек Мәдібек, Облыс әкімінің орынбасары:

Мынау жырылған жерге байланысты сіздер айтқан көпірдің мәселесі бар. Су мәселесі бар, көпірдің бетондалған, жобаланған жұмыстары бар, оның барлықтарына тиісті талдау жұмыстары жасалынады. Тексеріледі. Жауаптыларға қатысты шара қолданылады.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу