Елімізде көкөністер сақтайтын 29 қойма салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көкөністер сақтайтын 29 қойма салынады

02.05.2023

Отандық өндірушілер ең қажетті көкөністермен ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Мәселе тек сақтауда. Күзде орылған өнімдерді келер қысқа дейін бұзбай сақтау мүмкін болмай тұр. Бұл бағаның тұрақсыз болуына әкеп соғады. Сондықтан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Азық-түлік корпорациясының жұмысын қайта құруды тапсырды. Ал биыл көкөністерді ұзақ мерзім сақтайтын 29 қойма салынбақ.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Бүгінгі таңда жалпы сыйымдылығы 2 млн тоннаға жуық көкөністер мен жемістерді сақтайтын 1200-ден астам нысандар бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Оның үстіне оның көбісі әбден ескірген. Жаңа көкөніс қоймалары қажет. Азық-түлік қамтамасыз ету жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру қажет.


Хабарламаларға жазылу