Президент: Қазақстанда шахмат тиісті деңгейде дамиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Қазақстанда шахмат тиісті деңгейде дамиды

02.05.2023

Елімізде бірнеше террорлық әрекеттің жолы кесілді. Лаңкестер тіпті, халық көп жиналатын орында жарылыс жасамақ болған. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев айтты. Оның сөзінше, осыған байланысты 19 адам қамауға алынды. Бұдан бөлек, биыл 8 қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Қару-жарақ пен оқ-дәрі жасауға қатысты 7 жасырын цех жойылды. 16 есірткі зертханасының, 11 халықаралық және 17 өңірлік есірткі каналының жұмысы тоқтатылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық бөлімшелері 37,9 миллион кибершабуылға тойтарыс берді. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша Әлем чемпионы атағы үшін сайысқа түскен Ян НепОмнящий мен Дин ЛиЖэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады. Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, ФИДЕ аясындағы әйгілі спортшылар қатысқан ең беделді турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда шахматты дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінде елімізде 200 мыңнан аса адам шахматпен шұғылданады. Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясының көмегімен және ФИДЕ-нің атсалысуымен бұл көрсеткіш кемінде 2 есе артуға тиіс. Қазақстанда шахмат тиісті деңгейде дамиды.

Ал шахмат шеберлерлері қазақ халқына қонақжайлық үшін алғыс білдірді. Қазақстанда осы спорт түрінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

Дин Лижэнь, Әлем чемпионы:

Осы турнирге қатысып, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Ойыннан керемет ләззат алдым. Қазақстанға тағы да келемін деген үміттемін.

Ян Непомнящий, Әлемнің вице-чемпионы:

Спортшы ретінде шахматқа деген осындай үлкен қызығушылықты көріп қуандым. Ойынды тамашалауға, кездесулерге әсіресе балалар көп келді. Шахматты дамыту ісінде Қазақстанға үлкен табыс тілеймін.

Шерхан Жамбыл

Хабарламаларға жазылу