Өткен қыстан ащы сабақ алған Екібастұз қаласы алдағы жылу маусымына дайындықты жылдағыдан ерте бастады. Гидравликалық сынақтар барысында жылу желілерінен 269 ақау анықталды. Оларды жөндеу мен ауыстыруға 25 бригада жұмылдырылды. 15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарлануда. Алдағы күзге дейін 4 негізгі жылу магистралі жаңартылмақ. Бұдан бөлек жылу энергия орталығындағы 8 қазандық күрделі жөнделеді. Естеріңізге сала кетейік, кеншілер мен энергетиктер қаласының алдағы қысқа дайындығын бақылауды Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға тапсырған болатын.
Болат Аманбаев