Қазақстан мен Тәжікстанның кәсіпкерлері 2 млрд доллардың келісіміне қол қояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Тәжікстанның кәсіпкерлері 2 млрд доллардың келісіміне қол қояды

03.05.2023

Қазақстан мен Тәжікстанның кәсіпкерлері 2 млрд доллардың келісіміне қол қояды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Бизнес форумда белгілі болды. Қазір Қазақстанда екі ел кәсіпкерлерінің бірлесіп ашқан 400-ден астам кәсіпорыны жұмыс істеп тұр. Ал серіктес елде қазақстандық бизнес өкілдері 100-ден астам кәсіпорын ашқан. Екі ел арасындағы алыс беріс те аз емес. Мемлекет басшылары тауар айналымын жылына 1 млрд долларға жеткізу туралы тапсырма берген. Қазірдің өзінде 1 млрд 400 миллионнан асты. Ал бүгінгі келісімдерден кейін сауда саттық тіпті күшеймек.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:

Қазақстан экспортының көлемі 877 млн АҚШ долларына жетті. Тәжікстанның импорты 501 млн АҚШ долларына жетті. Бірақ әрине потенциал әлі көп. Бүгінгі бизнес форумда тек қазіргі қол қойған келісімдердің көлемі 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгін екінші бөлімінде тағы да қол қойылады.

Байланыс барлық салада жақсы дамыған. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін көп экспорттаймыз. Ал тәжік елінен көбіне жеміс-жидек сатып алып отырмыз. Қазіргі кезде Қазақстан Тәжікстанның сыртқы сауда серіктестері арасында экспорт-импорт операциялары бойынша екінші орында тұр. «Жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдердің жағдайында ынтымақтастық салаларын кеңейту бәріміз үшін маңызды басымдыққа айналып келеді», - деді форум қатысушылары.

Сулаймон Зиёзода, Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары:

Бүгінде Тәжікстанда экономикаға инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалған. Банк және экономиканың нақты секторларын қолдауға назар аударылып отыр. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған тиісті саясатты реформалау үдерісі ескерілген. Сондықтан бүгінгі форум екі ел үшін де тиімді болмақ.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу