Талдықорғанда ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден сыйақы беріледі

03.05.2023

Жетісу облысында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі 8 ардагер қалды. Олардың үшеуі облыс орталығы Талдықорғанда тұрып жатыр. Жеңіс күні қарсаңында бәріне бірдей құрмет көрсетіліп, мемлекет басшысының тапсырмасымен 1,5 млн теңгеден сыйақы беріледі. 9 мамыр мерекесінде Талдықорғанда мерекелік-көпшілік шаралар мен ат спорты ойындары ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Мұнан бөлек әрбір ардагерге көше бойында ақпараттық баннерлер ілініп, тұрып жатқан үйлерінде арнайы тақтайшалар жаңартылған. Жалпы өңірде 2300-ден астам тыл ардагері бар. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу