Енді ел азаматтары зейнетақы жинағын кәсіп ашуға жұмсауы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудың тағы бір жолын ұсынды.
Ашық талқылауға шығарылған қаулыға сәйкес, қазақстандықтарға жеткілікті шегінен асатын зейнетақы активін шағын және орта бизнестің құнды қағаздарын сатып алуға жұмсауына мүмкіндік берілмек. Бұл азаматтарға зейнетақы жинағын көбейтіп, табыс табуына жол ашады дейді сарапшылар. Ал зейнетақы қорында қазір 15 триллион теңгеден астам қаржы бар.