Төрт балалы аналарды зейнетке ерте шығару керек. Депутаттар бүгін осындай ұсыныс айтты. Өйткені, қазір елімізде 5 және одан да көп бала туған немесе асырап алған әйелдер 53 жасында зейнетке шығады. Енді олардың қатарына 4 балалы аналар да қосылу керек деп отыр. Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көп балалы аналардың өмір бойғы мәртебесін бекіту туралы айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.