Елде несие алу қиындай түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде несие алу қиындай түспек

03.05.2023

21 жасқа толмаған жастарға микроқаржы ұйымдарынан ғана емес, банктерден де несие алу қиындай түспек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы арқылы оң-солын енді таныған қыз-жігіттерді қарыздан қорғауды көздеп отыр. Қаулыға сәйкес 21-ге толмаған жастардың несие алуы үшін бір жыл тұрақты табысы және жұмысынан анықтамасы болуы керек. Өйткені несие көлемі шамадан тыс артып барады. Мәселен бір жылда банктерге берешек қыз-жігіттердің саны бірден 23 процентке артып, 600 мыңнан асты.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу