Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандарды еске алды. Олар білім ордасының алдында шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды. Кеше 13-тегі жасөспірім әкесінің екі тапаншасымен оқ атып, 8 оқушы мен күзетшіні мерт қылды. Өлгендердің жетеуі – қыз бала. Тағы алты оқушы мен мұғалім жараланып, ауруханаға түсті. Олардың кейбірінің жағдайы өте ауыр. Полицияға өзі берілген шабуылшы, енді психиатриалық ауруханаға жатқызылады. Ал оның ата-анасы тұтқындалған. Тағы бір айта кететін жайт, осы трагедияға байланысты Сербияда алдағы үш күн қаралы деп жарияланды.