Қазақстан – сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ниетті

04.05.2023

Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports холдингінің президенті Серкан Каптан, авиация саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов өз сөзінде, TAV Airports Холдингі, Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы маңызды деді. Ал, Серкан Каптан компания Қазақстандағы басқа да жобаларға қатысуға ниетті екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.   

Хабарламаларға жазылу