Қарағандыда апатқа себеп болған автобус жүргізушісіне қатысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда апатқа себеп болған автобус жүргізушісіне қатысты сот басталды

04.05.2023

Қарағандыда апатқа себеп болған автобус жүргізушісіне қатысты сот басталды. Айыпталушыға көпір үстінде жылдамдықты асырды, жолдың қарсы бетіне шықты, екі адамның өліміне әкеп соққан жол апатын жасады-деген айыптар тағылып отыр. 34 жастағы күдікті, жол апаты кезінде аяғын сындырып алғандықтан, сотқа үйінен онлайн қатысты. Жәбірленуші тарап тергеу кезінде де үйқамақта болған айыпталушының, сот залына келмегеніне наразы.

Еске салсақ былтыр қарашада автобус жүргізушілерінің бірі ережені бұзып, қарсы беттегі екінші автобусқа соғылған еді. Жол апаты салдарынан 19 жастағы студент пен екінші автобустың 60 жастағы жүргізушісі қайтыс болды. 

Хабарламаларға жазылу