Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе жоғары. Жанып кеткен орманды алқаптардың жалпы көлемі 45 гектардан асады. Сала мамандары оқыс оқиғалар көбінесе тұрғындардың бейжайлығынан болады,-деп отыр. Соңғы бір айда өрт қауіпсіздігі талабын бұзған 24 адамға айыппұл салынған. Қазір өңірде қызыл жалынның алдын-алу шаралары күшейді.
Ержан Ғаббас, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
Орман және дала өрттерін дер кезінде анықтау және оларға уақытылы шығу және жою үшін департаменттен 152 техника және 500-ден астам адам дайындалды. Облыс аумағында үш тікұшақ кезекшілік атқарады. Олар Бурабай, Ақкөл және Зеренді аудандарында шоғырланған.