Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды

04.05.2023

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды. Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 соты үкімді жариялады. Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардағы үлесін заңсыз еселеп иемдену және адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, темір торға қамауға шешім шығарды. Сондай-ақ мемлекет пайдасына шамамен 66 миллион теңге өндірілетін болды.   

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу