Күні кеше Мәжіліс депутаттары блогерлерді заң аясында жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс көтерген еді. Бұл ұсыныс қазір қоғамның қызу талқысына түсті. Депутаттар блогерлер ақпараттың рас-өтірігін тексермей, елдің берекесін бұзып жүр, тіпті «оңай олжа табамын» деп бір-біріне жала жабудан тайынбайтын болды деген еді. Желіде оқырманы көп белсенділердің кесірінен отандастарымыз тіпті шетелге құлдыққа кетіп жатқанын айтқан болатын. Блогерлерге жауапкершілік жүктеуді қолдайтындар да, оған қарсы пікірлер де жетерлік.