Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам адам «банкрот» деп танылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам адам «банкрот» деп танылуы мүмкін

04.05.2023

Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам адам «банкрот» деп танылуы мүмкін. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, 2 ай ішінде жеке тұлғалардан 49 мың арыз түскен. Соның 6 мыңнан астамының өтініші мақұлданды. 6айдан кейін ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілмек. Өтініш біргендердің басым бөлігінің яғни, 36 мың адамның арызы кері қайтарылған. «Себебі олар банкроттық талаптарына сай келмейді. Яғни, олардың атында мүлік немесе автокөліктің болуы сияқты мәселелер туындап жатыр», - дейді Ержан Біржанов. Алайда арызы кері қайтарылған азаматтар 3 ай ішінде қайта өтініш бере алады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу