0:00:00
0:00:00
Астаналықтар бүгіннен бастап тегін жол жүру талонын алуға өтініш бере алады. Бұған дейін «City Transportation Systems» базасындағы қателердің кесірінен қиындық туындаған болатын. Яғни жеңілдік алуға тиіс кей тұрғын тізімде болмай шыққан. Баспасөз қызметі деректер базасын жаңартып, жеңілдік алуға құқылы азаматтар 5 мамырдан бастап қайтадан қызмет ала алатынын жеткізді. Талонды алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттар мен 3х4 форматтағы сурет алып орталық кассаға бару керек. Касса Рақымжан Қошқарбаев көшесіндегі 50/1 үйде орналасқан. Егер азамат картасын жоғалтқан немесе бұған дейін өтініш берген болса аталған құжаттар қажет емес.
Серік Селеубай