Түркістан облысында желден ұшқан шатыр мұғалімнің басына түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында желден ұшқан шатыр мұғалімнің басына түскен

05.05.2023

Түркістан облысының Кентау қаласында желмен ұшқан мектеп шатырының бір бөлігі аулада кетіп бара жатқан мұғалімнің басына түскен. Салдарынан ол басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалалық аурухана дәрігерлері ұстазға алғашқы көмек көрсетіп, Жарақат бөліміне жатқызған. Аурухананың Бас дәрігері Асылбек Утебаевтың айтуынша, науқасқа жабық бас миы шайқалған деген диагноз қойылған. Басының самай бөлігіндегі жарақаты тігіліп, травматология бөлімінде ем қабылдауда. Қазіргі жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Еске салайық, Ыбырай Алтынсарин атындағы №1мектептің шатыры 2 жыл бұрын да күшті желден ұшқан екен. Сол кезде миллиондар жұмсалған жабынды кешегі дауылға тағы да шыдамас бермеді. Қазір аймақта табиғаттың тосын мінезінен келген шығын есептелуде.

Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу