Елде көшбасшы әйелдер көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде көшбасшы әйелдер көбейеді

05.05.2023

«Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры алдағы 7 жылда басқарушылық қызметтегі әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін көбейтпек. Бұл туралы қор төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Оның айтуынша, холдингте бүгінде 75 мың қыз-келіншек жұмыс істесе, оның 15 пайызы ғана жоғары лауазымға ие. Қор гендерлік теңдік саясатын қолдай отырып, әйелдер үшін көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған жоба әзірледі. Бағдарламаға 142 қыз-келіншек өтініш білдіріп, оның 71-і сәтті аяқтаған. Енді олар қордың басқарма қызметіне бақылау жүргізуге атсалысады.

Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

Қоғамның әр саласында қыз-келіншектердің саны артып жатқаны барлығымызға мәлім. Біздің қоғамда әйел-ананың орны құрметпен бағаланады. Әйел араласқан қай істе де береке бар.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу