Үндістанның Гоа штатында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кездесіп, аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін талқылап жатыр. Келіссөздер осы аймақ астанасы Панаджи қаласында бүгін аяқталуы керек.
Осы жиынға қатысу үшін Үндістанға соңғы 9 жылда алғаш рет Пәкістан сыртқы істер миниистрі де бар. Кейінгі кездері Дели мен Исламабадтың қатынастары түрлі себептерге байланысты шиеленісіп тұр.
Тағы бір айта кететін жайт - биыл шілдеде Үндістанда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді. Бүгінгі министрлер басқосуы - сол форумға әзірліктің бір бөлігі.
Арыстан Рысбек