Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы 19-шы ғасырға жататын тарихи ескі ғимараттар жылдан-жылға тозып барады. Оларды мәдени мұра санатына енгізбек түгілі, әлі күнге дейін тарихи анықтамалық құжат берілмеген. Салдарынан мемлекет қорғауына ілікпей, осы уақытқа дейін бірде-бір рет қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Бұлай жалғаса берсе, Арқа төсіндегі шежіре қаланың тарихи құндылығынан таза айырылуымыз мүмкін.