Александр Бублик Францияда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Бублик Францияда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты

05.05.2023

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Францияда өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол жарыстың екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 114-орында тұрған Финляндия өкілімен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен матчта Александр Бублик екі сетте де қарсыласынан басым түсті. Енді ол жартылай финалға шығу үшін франциялық Гарольд Майомен ойнайды.


Хабарламаларға жазылу