Ресейдің Орал тауларын шарпыған өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Орал тауларын шарпыған өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті

10.05.2023

Ресейдің Орал тауларын шарпыған өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ормандарға әдейі от қойылды деген болжам бар. Ал Қазақстанмен шекаралас Қорған облысында 46 күдікті анықталып, 7 тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің ішінде кәмелетке толмағандар бар. Олардың неліктен жасыл желектерді өртегені әзірге белгісіз. Бұл өрт Қорған мен оған көршілес Түмен облыстарында сәуірде басталды. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу