Астана қаласында зергерлік дүкенді тонаған екі күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында зергерлік дүкенді тонаған екі күдікті ұсталды

11.05.2023

Астана қаласында 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған екі күдікті ұсталды. Олар Степногорск қаласындағы дүкеннің еденін тесіп, сол арқылы барлық бағалы затты аз уақыт ішінде жымқырып кеткен. Күдіктілердің жымысқы әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полицияның мәліметінше, қолға түскен 46 және 35 жастағы екі азамат Астана қаласының тұрғындары. Тінту барысында бірнеше ұялы телефон мен көлік тәркіленді. Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу