Германияда босқындарға қосымша қаражат бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда босқындарға қосымша қаражат бөлінеді

11.05.2023

Германия үкіметі елге келген босқындардың шығындарын өтеуге биыл қосымша 1 млрд еуро бөлетінін жариялады. Канцлер Олаф Шольцтің мәлімдеуінше, бұл қаражат әсіресе Украинадан келген азаматтарға жұмсалмақ. Қарулы қақтығыс басталғалы Германияға 1 миллиондай украиналық барған. Бұған қоса Берлиннен пана сұраған өзге ел азаматтарының да қатары артып отыр. Қомақты қаржы иммиграциялық қызметті цифрландыруға және бұл бағыттағы жұмысты оңтайландыруға да бөлінеді.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу