Қазақстан мен Қытай ғылым саласында байланысты нығайтпақ. Алдағы 6 жылға арналған даму концепциясы бекіді. Бүгін Елордада Астана халықаралық университеті мен Цинхуа жоғары оқу орны бірлесіп ұйымдастырған халықаралық конференция өтті. Онда білім мен ғылым саласының екі ел дамуына қаншалықты үлес қоса алатыны талқыланды. Мемлекеттер арасында қазір 52 ірі инвестициялық жоба бар. Құны 21 млрд доллардан асады. Алда энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика саласында қарым-қатынасты жандандыру міндеті тұр. Осыған байланысты ғылыми бағытта зерттеу жүргізілмек. Қазір 3500-ге жуық қазақстандық студент Қытайда білім алып жатыр. 459-ы Қытай Халық республикасы Үкіметінің грантына ие. Әрі аспан асты елінде 5 қазақстандық орталық бар. Онда қазақ тілі үйретіледі. Оның үстіне биыл «Бір белдеу - бір жол» жобасын бірге жүзеге асырудың 10 жылдығы. Осы аралықта атқарған жұмыс ауқымды. Нәтижесінде Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін жүктің 80 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асып жатыр.
Манарбек Қабазиев, «Сыртқы экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Қазақстан енді «Бір белдеу бір жолдың» локоматив дейміз ғой, соның шекарасында тұрған мемлекет. Бізде Қытаймен арадағы 100-ден аса тауар позициясы бар. Оны біз қазір 2022 жылы 24 млрдқа екі жақты тауар айналым болды. Онда мемлекет басшысы бізге не берген 35 млрдқа дейін көбейту. Соған жеткізу керекпіз.
Асима Нұрбайқызы