Шымкент қаласы маңында 18 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, аударылып қалды. Оның 17-і бос, біреуінде ғана жүк болған. Нәтижесінде темір жол қапталындағы 11 электр бағаны зақымдалды. Жол төсемінің біраз жері бүлінген. Апаттан «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ.