Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Имамдар барысы» турнирі өтті. Оған аймақтың түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық имам қатысты. Палуандар 70 және 90 келіге дейінгі үш салмақ дәрежесі бойынша күресіп, өзара әкім мықтыны анықтады. Бұл дін өкілдері мен теологтар арасындағы тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыс. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік байланысты нығайту.
Естай Айтуғанұлы, Облыстың Бас имамы:
Имамдар қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болуы үшін әрине олар рухани байлықпен қатар қосымша мына күрес арқылы басқа да спорт түрлері арқылы жастарға үлгі болса деген ниетпен осындай сайысты ұйымдастырып жатырмыз.
Руслан Нұрланұлы