Ақтөбедегі коммуналдық базардың 400-ге жуық сатушысы шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі коммуналдық базардың 400-ге жуық сатушысы шағымданды

12.05.2023

Ақтөбедегі коммуналдық базардың 400-ге жуық сатушысы шағымданды. Айтуларынша, сауда орнының басшылығы әрқайсысын 300 мыңнан 3 миллион теңге аралығында салық органдарына қарыз қылып қойған.

Алайда бұлар одан бейхабармыз, біздің ешкімге ешқандай берешегіміз жоқ дейді. Сауда орындарын жалға алу ақысын да уақытылы төлеп отырғандарын айтады. Олар өздерінің қарыз екендіктерін электронды пошталарын тексергенде бір-ақ білген. Енді бұл қарызды кім қалай төлейтінін білмей отыр.

Ботагөз Қожаева, кәсіпкер:

Ол сомманы көрсетіп қана қоймай бізге осы мамыр айының 25-не дейін төлеп болу керек деген нақты уақыты көрсетілген.Егер біздер әлгі айтылғандай бір адам отчет тапсыру керек боп кіргенде байқап тұр. Ал біз оны көрмей де қалуымыз мүмкін еді. Қазіргі басшыларымыз бізге ешқандай төлем төлемейсіңдер деп айтқанымен бізге оның еш кепілдігі жоқ.

Бұған дейін сауда орнында өзге басқарушы компания жұмыс істеп келген. Олардың салық органдарына қарызы бар екені белгілі болып отыр. Олар жалға алушыларға шот фактура береді. Ал, саудагерлер ақыны қолма қол төлеп келген. Ол салық органдарының базасында көрсетілмейді. Яғни, банктік төлем көрсетілмегендіктен, кәсіпкерлерге қарыз туралы хабарламалар келген. Саудагерлер енді мемлекеттік кірістер басқармасына салыстыру актісін апаруы керек. Мәселе сонда толығымен шешіледі.

Айбол Жұмабаев, Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі күні дәлелдеме құжаты болады. Сол жөнінде ешқандай берешегі жоқ екені расталса біз сол аталған кәсіпкерлерге қойылған хабарламалардың бәрін «орындалды» деп өзімізден жауып қоятын боламыз.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу