Астанада орынсыз жарнама баннерлері алынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада орынсыз жарнама баннерлері алынып жатыр

12.05.2023

Астана қаласының жарнама баннерлерінің 80 пайызы талапқа сай емес. Урбанистер бұны бір жүйеге келтірмек. Елордадағы орынсыз маңдайшалар мен жарнама баннерлері алынып жатыр. Кәсіпкерлер клиент тарту мақсатында дүкен терезелеріне түрлі жарнама қағаздарын қалай болса солай жапсырып тастаған. Ал бұл қаланың көркін бұзады деп отыр мамандар.

Елнар Базыкен, урбанистика орталығының жетекшісі:

Біз қаланың барлық жарнамаларын ретке келтіруді жоспарлап отырмыз. Бекітілген арнайы дизайн код бар. Соған сәйкес, кіреберіс терезелерде ешқандай жазу, жарнама болмау қажет. Одан кейін жарнама тек жоғары жақта ғана орналасуы шарт. Жарнама баннерлері әр ғимараттың архитектурасына сай жасалу тиіс.

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу