Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы өрт кезінде күйіп қалып, ауруханаға түскен жұмысшылардың тағы біреуі қайтыс болды. Қалған екеуі ем қабылдап жатыр. Олардың бірі Астанада, екіншісі Ақтөбе облыстық ауруханасында.
Естеріңізде болса, «Си-Эн-Пи-Си-АқтөбеМұнайГаз» акционерлік қоғамының газ өңдеу зауытында алапат өрт болған еді. Төрт жұмысшы зардап шекті. Өкінішке орай, олардың екеуі ауруханада қайтыс болды. Бұл жағдайға қатысты өңірде арнайы комиссия құрылып, мұнай өндірумен айналысатын барлық компанияларда тексеріс жүріп жатыр.
Нұрлан Әбішев, дәрігер-комбустиолог:
Біреуі бізде қалды. Қазір ол науқастың жағдайы тұрақтанды. Астанаға аударылған науқастардың біреуі кеше таңда қайтыс болды. Денесінің 70 процентін күйік шалған. Қосымша тыныс алу органдарын да күйік шалған. Жалынның ортасында қалып қойған ғой.
Жақсыбек Кемал