Әкімдіктер кәсіпкерлерге заңсыз салық салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдіктер кәсіпкерлерге заңсыз салық салған

15.05.2023

Әкімдіктер кәсіпкерлерге заңсыз салық төлетіп отырған. Бас прокуратура ел бойынша 1600-ден аса заңбұзушылық анықтады. Бизнес өкілдеріне сыртқы маңдайшалары үшін көше жарнамасы ретінде алым белгіленген. Алайда заң бойынша оған ешқандай салық салынбайды. Прокуратураның тексерісінен кейін 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 725 кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға 12 млн теңге қайтарылды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу