Торыш шатқалынан шар тәрізді тастарды ұрлағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торыш шатқалынан шар тәрізді тастарды ұрлағандар ұсталды

16.05.2023

Маңғыстауда табиғи ерекше тастарды ұрлағандардың жолы кесілді. Оқиға Маңғыстау ауданы аумағындағы көрікті жерлердің бірі Торышта болған. Саяхатшылар шар тастарды көлікке тиеп жатқан бірнеше адамның үстінен түсіп, бейнежазбаға түсіріп алған. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізумен шектелген. Ал тастар қайтадан орнына қайтарылған. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу