Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін БАҚ құралдарында жариялау бойынша нұсқаулық әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін БАҚ құралдарында жариялау бойынша нұсқаулық әзірленді

16.05.2023

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін БАҚ құралдарында жариялау бойынша нұсқаулық әзірленді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Медиа этика және отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында теледидар мен газет және сайт беттерінде буллинг, суицид секілді тақырыптарды этика нормаларын барынша ескере отырып жариялау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар балалардың ақпараттық сауаттылығын арттыру керек. Ол үшін арнайы комикс-жадынама әзірленіп жатыр. Әлеуметтік желілерде бала қауіпсіздігіне қатер төндіретін материалдарға шектеу қою үшін, тикток, мета секілді ірі компаниялармен әріптестік орнаған.

Динара Зәкиева, «Қасиетті жол» қорының құрылтайшысы:

Еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес 6 млн 700 мың отбасының ішінде жартысына көмек керек. 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында, 1 млн 600 мың отбасы қиын жағдайда. Әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі қиын жағдайларға әкеледі. Және отбасылық құндылықтарға теріс әсер етеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу