Әлем көз тіккен Түркиядағы сайлаудың екінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем көз тіккен Түркиядағы сайлаудың екінші кезеңі басталды

16.05.2023

Әлем көз тіккен Түркиядағы сайлаудың екінші кезеңі басталды. 50 пайыздық межеден аса алмаған негізгі екі кандидат қазіргі Президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозициялық блок өкілі Кемал Кылычдароғлы қайта дауысқа түседі. Қайта қызған саяси науқан қалай жүріп жатыр? 

Айдос Әшімұлы, тілші:

Түркия тарихындағы тұңғыш рет болғалы тұрған сайлаудың екінші турына дайындық басталып кетті. Кандидаттар қайтадан үгіт насихат жұмыстарына кірісті. Екі апта ішінде кандидаттар қала қаланы аралап митингілер өткізіп, телеарналарда халыққа үндеу жасайды.

Дегенмен сарапшылар түркиялықтардың саяси ұстанымдарын өзгерту оңай емес сондықтан алдағы екі аптада көп нәрсе өзгермейді дегенді айтады. Яғни, сайлаудың бірінші турындағы көрсеткіштер тағы да қайталануы мүмкін. Ал екінші турда елу пайыздық меже деген жоқ. Кім көбірек дауыс жинаса сол Президент болады.

Қазақстанда және өзге де шет мемлекеттерде тұратын Түркия азаматтары 20 мамырдан 24 мамырға дейін өздері тұратын мемлекеттердегі елшілік және консулдық ғимараттарында орналасқан сайлау учаскелеріне дауыс береді.

Айта кету керек, шетелде тұратын 4 млннан аса түркиялықтың кешегі сайлауда берген дауыстары әлі толық саналып біткен жоқ. Дегенмен ол дауыстар сайлаудың қортындысына әсер етпейді деді Жоғарғы сайлау комитеті. Сондай-ақ сайлаудың бірінші турының нақты нәтижелері 19 мамыр күні белгілі болмақ. Оған дейін дауыстар толық саналып, арыз-шағымдардың барлығы қарастырылып бітеді.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу