Венесуэлада соңғы төрт айда электр қуаты, газ, су, қоқыс шығару, байланыс тәрізді коммуналдық қызмет түрлерінің құны 333 пайызға өскен. Ал интернет 235 пайызға қымбаттады. Мұны Венесуэла қаржылық бақылау ұйымы хабарлады. Ал орташа еңбекақы жекеменшік компанияларда 142, мемлекеттік секторда 35 доллардан асар емес. Венесуэла соңғы жылдары ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Соның салдарынан өндіріс қысқарып, инфляция шарықтап, негізгі тауарлар тапшы болып отыр. Бұған қоса үкіметтің қате саясаты және АҚШ-тың санкциялары мұнай өндірісін күрт төмендетіп, энергетика секторына салынатын инвестиция көлемін айтарлықтай азайтқан.
Арыстан Рысбек