Ресейдің Астрахан облысында «Жайлау той» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Астрахан облысында «Жайлау той» өтті

16.05.2023

Ресейдің Астрахан облысында «Жайлау той» өтті. Бес мыңға жуық адамның басын қосқан шараны жергілікті қазақтар ұйымдастырған. Мерекелік шара Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Астрахан қаласының ортасында күй атасы Құрманғазыға ескерткіш орнатылған. Бұны Қазақстан қаланың 450 жылдығына сыйға тартты. Биыл күй өнерімен ұлт ұйытқысы болған Құрманғазының 200 жылдығын Астрахан өңірі де атап өтуде. Қазақ жерінде кіндік қаны тамған ұлы күйші Алтынжар ауылында жерленген. Соңғы жылдары жергілікті қазақтар құрылтайларын да, мерекелерін де Құрманғазы бейітінің қасында салынған мәдени орталықта өткізетін болды.

Әлия Ғұмарова, мұғалім:

Бүгінгі сайысқа тоғыз құмалақ ойнауға Астрахан облысының Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы мектебінен 10 бала қатысып отыр.

Ұлттық киім киген өнерпаздар бауырсақ шоу мен қазақтың дәстүрлі өнері. Жайлаудағы тойға келген қауым қазақ күресі мен садақ ату секілді түрлі спорттық сайысқа қатысты. Ал аламан бәйге мереке сәнін келтірді.

Ғаділбек Қудырбаев, бәйгені ұйымдастырушы:

Аламан бәйге қазақтың шабысы бірінші жыл болып жатыр осында. Ешқашан болған жоқ. Аруақты жерде Құрманғазы бабамыздың бауырында.

Жалпы Астрахан өңірінде 200 мыңға жуық қазақ тұрады. Алдағы уақытта «Жайлау той» мерекесін дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарда бар.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу