Солтүстік Қазақстанда соңғы 10 жылдағы ең ірі мөлшердегі есірткі партиясы тәркіленді.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер «Петропавл - Астана» тас жолында «Volkswagen Passat» көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының талабын орындамай қашып кетуге тырысқан. Күдіктілер Аққайың ауданындағы Астраханка ауылының маңында қолға түсті. Жүксалғыштан өсімдік тектес зат салынған 5 қап табылды. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін көрсетті. Жалпы салмағы 128 келі. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кейінірек тінту шаралары барысында күдіктілердің бірінің гаражынан 300 келі марихуана мен 21 келіден астам гашиш жасырылған орын анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 464 келі.
Руслан Назаров, СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Автокөліктің салонында Петропавл қаласының екі тұрғыны болды. Оның біреуі бұрын бұрын заңсыз есірткі айналымы үшін жауапкершілікке тартылған.
Эьмира Кәленова