Түркияда Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті. Стамбулдан бастау алған мәдени шара 9 күнге созылып, Анталья қаласындағы атақты «Аспендос» сахнасында аяқталды.
Халықаралық фестивальге әлемнің 10-ға жуық мемлекетінен опера және балет майталмандары қатысты. Олардың арасында «Астана Операның» солистері Әнел Рүстемова мен Бахтияр Адамжановтар да бар.
Биыл 18-ші рет өткен фестиваль қырғыздың атақты опера әншісі Б.Мыңжылқиевтың құрметіне орай ұйымдастырылды.
Ал, былтыр бұл шара қазақтың атақты композиторы Мұқан Төлебаевты еске алуға арналған.
Бақытжан ОМАР